Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры елдегі ең жоғары ай сайынғы төлем сомасын атады. Қордың мәліметінше, елдегі ең бай зейнеткер ай сайын 945 752 теңге алады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сонымен қатар БЖЗҚ-дан зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты орташа айлық төлем сомасы 33 865 теңгені құраған.
БЖЗҚ мәлімдеуінше, 2024 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Қазақстанда 16,9 миллион зейнетақы шоты бар.
- Зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс түріндегі түсімдер есебінен ұлғайып отырады. 2024 жылдың 10 айында салымшылардың шоттарына зейнетақы жарналары 2,2 триллион теңгеден асты (өткен жылмен салыстырғанда 29,7 пайызға немесе 514,6 миллиард теңгеге өскен), – делінген қор жариялаған мәліметте.