Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде қандай жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылмақ?
Баспанаға бағыт

Елімізде қандай жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылмақ?

22.09.2023
1 мин
1
3704

Қазақстанда екі жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады, деп хабарлайды Dauletten.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Жастар ипотекасы алғаш рет Павлодар облысында және Ақсу моноқаласында «Ертіс жастары» деген атпен іске қосылады. Өңір билігі несие беретін «Отбасы банкімен» келісімге қол қойды. Ипотекаға қаражатты әкімдіктер мен банк бірлесіп бөледі.

  • Бұл бағдарламаға қатысушылардың жасы 35 жастан аспауы тиіс;
  • Соңғы бес жыл ішінде жылжымайтын мүлігі болмауы керек;
  • Ресми жұмыс өтілі – 6-12 ай (аймаққа байланысты).
  • Ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады. 

Ипотека шарттары:

  • Пайыздық мөлшерлеме — жылдық 5% (ЖТСМ-5,2%-дан).
  • Бастапқы жарна – 10%.
  • Қарыз сомасы — өңірге байланысты 10-нан 20 миллион теңгеге дейін.
  • Егер таңдалған тұрғын үй қымбатырақ болса, онда қарыз алушы қалғанын өзі жабуы керек.
  • Несие мерзімі – 19 жылға дейін.

Өңірлердің әкімдіктері өтінімдерді қабылдау күндері мен қатысушыларға қойылатын нақты талаптар туралы қосымша хабарлайды.

«Отбасы банкі» баспасөз қызметі жастар бағдарламалары еліміздің барлық облыстарында қамтылғанын мәлімдеді. Олар Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Абай облыстарында, Жетісу мен Ұлытауда жұмыс істейді. Жастар ипотекасын сатудың жалпы сомасы 98 миллиард теңгеден асады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Н
Нұр 22.09.2023
37 жастағылар ше ???? қандай программамен алуға болады,он жыл болды кезек күткелі
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл