Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде табысы аз өңірлер қандай?
Жаңалықтар

Елімізде табысы аз өңірлер қандай?

22.08.2021
1 мин
3
1179

Шымкент қаласында орташа жалақы 200 мың теңгеден сәл асады. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облысында жалақы төмен. Осы орайда, 31 арнаның «Информбюро» ақпараттық бағдарламасының тілшісі өңірлердегі тұрғындардың табысын зерттеп көрді.

Бақтияр Тұрғынов Шымкент компанияларының бірінде араға екі күн салып тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл үшін «ең аз сома» 42 500 теңге алады. Бес адамнан құралған отбасы үшін бұл аз.

«Әрине, бұл кішкене аз. Тағы кішкене қосуға болатын еді деп ойлаймын. Бірақ, бәрібір аз, жетпейді. Менің екі ұлым жұмыс істейді. Оларда жақсы. Біреуі – 120 мың, екіншісі 170 мың алады», – деді Бақтияр Тұрғынов.

Алайда, ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Шымкенттің көптеген тұрғыны осылай өмір сүріп жатыр. Мұнда орташа жалақы 200 мың теңгеден сәл жоғары. Ал астанада бұл көрсеткіш – 344 мың теңге. Шымкенттік пошташы, тоқымашы, қалаушы, кассир шамамен 100 мың теңге алады. Ең көп инженер, маркетолог және әртүрлі сала жетекшілері алады – 300 мың теңгеден жоғары.

Сондай-ақ, Қазақстанның солтүстік өңіріндегілер де аз жалақы алады – 189 мың теңге. Мемлекет бойынша, бәрінен көп мұнайлы өлкеде тұратындар алады: өткен тоқсанда Атыраудағы орташа жалақы 398,5 мың теңге және Маңғыстауда 353 мың теңге болды.

Бірақ кедейлік шегінде өмір сүріп жатқандар да бар. Ондайлар аз емес. Соңғы мәліметтер бойынша, Шымкентте кедейлік шегі 23 679 теңге болды. Яғни ортақ табысы 118 мың теңге болатын отбасы атаулы әлеуметтік көмекке үміткер бола алады. Биыл оған 25 мың шымкенттік отбасы өтінім берді.

 


 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
3 Пікір
Н
Назерке 22.08.2021
Ана жогардагы откан кан ишерлер ауылга келип турып корсин кандай кун кореди екенин корейк олар уйден шыкпайак 1милино алып отыргой
Жауап беру
Н
Назерке 22.08.2021
Менин куйеуимнин жалакысы оте аз 50000тг алады айын уш балам озим жумыс истемеймин уйде откан анамын томен отбасыларга комектесип жиберсе кайтеди екен жогардагы откан кан ишерлер не карап отыр ток адам аш адаммен ойнамайд деген макал баргой дал осы заманга Сай оздери тойып кутырса болды халыктын хамын ким ойлап отыр Алла алдарына келер бур куни корип турып олер кутырган депутатар
Жауап беру
А
Акжан 22.08.2021
Семейде оте аз жалакы
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл