Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде жаңа мереке пайда болды
Жаңалықтар

Елімізде жаңа мереке пайда болды

30.11.2022
2 мин
4
5041

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне толықтырулар енгізілетін үкімет қаулысының жобасын дайындады.

 "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 11-3-тармақпен толықтырылсын: "11-3. Ветеринария қызметкерлері күні – 10 шілде", - делінген Ашық НҚА сайтындағы хабарламада.

Министрлік дайындаған құжатта эпизоотиялық жағдайдың саулығы және мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетінің артуы қауіпсіз өнім өндіруді қамтамасыз ететін ветеринария жүйесімен тығыз байланысты екені айтылған.

"Бүгінде Қазақстанда малшылар күні, орман шаруашылығы қызметкері күні, ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні,  балық шаруашылығы қызметкерлері күні сияқты кәсіби мерекелер бар. Алайда бүгінде ветеринария саласындағы қызметкерлердің өздерінің кәсіби мерекелерін атап өту мүмкіндігі жоқ және осындай мереке болмағандықтан, бірыңғай кәсіби қоғамдастық саласына өздерінің керек екенін сезінбейді", - делінген құжатта. 

Ведомствоның хабарлауынша, 10 шілдеде Қазақстанда «Ветеринария туралы» бірінші рет заң қабылданған.

Айта кетейік, жыл сайын сәуір айының соңғы сенбісінде дүниежүзінің көп елінде 2000 жылы Халықаралық ветеринар дәрігер күні атап өтіледі. Ал Ресейде 31 тамызда ветеринарлық қызметкер күні тойланады, ал Украинада ветеринарлық медицина қызметкерлерінің күні тамыздың екінші жексенбісінде атап өтіледі.

Құжатты Ашық НҚА сайтында 14 желтоқсанға дейін талқылауға болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
4 Пікір
Ж
Жансая 01.12.2022
Осы ноябрь айында болдыгой ауыл шаруашылық куни неге сол уакытка коймайды екен. 10шілде онсызда Астана куни мейрамгой. Баска күнге койганын дурыской.
Жауап беру
O
OK 01.12.2022
<h1>OK</h1>
Жауап беру
Г
Гульзира Гульзира 01.12.2022
Жөн жөн
Жауап беру
А
Акерке 30.11.2022
Поварлар кунін неге шығармайды. 20октябрь екенін ешкім білмейді де.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл