Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Халықты жұмыспен қамту бойынша қандай шаралар атқарылып жатыр?
Жаңалықтар

Халықты жұмыспен қамту бойынша қандай шаралар атқарылып жатыр?

14.06.2021
1 мин
1
2173

Халықты жұмыспен қамту бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты.

Оның айтуынша, карантиндік шектеулерге қарамастан, еліміздегі еңбек нарығы тұрақтылықты көрсетті. «Еңбек» бағдарламасымен өткен жылы 650 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылса, оның ішінде 319 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Ал 70 мыңнан аса адам арнайы білім алу курстарынан өтсе, 33 мың азамат «Бастау Бизнес» жобасы арқылы білім алды. 

«Еліміздегі кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 13 мыңнан аса жеңілдетілген шағын несие және жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға 45 мың қайтарымсыз мемлекеттік гранттар үлестірілді. Атап айтсақ, 1,4 мың шағын несие көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға рәсімделді. Шағын несие алған азаматтар 13,7 мың қосымша жұмыс орнын ашты», - деді Серік Шәпкенов.

Сонымен қатар, ол 2020 жылы  «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 239 мың маман жұмысқа орналасқанын атап өтті. Ал биыл аталмыш бағдарламаға 300 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат мынадай бағыттарға жұмсалады: халықтың өмір сүру сапасын арттыру, ШОБ үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен мен бизнесті дамыту. Нәтижесінде, 41 мың жұмыс орны ашылып, олардың 69%-і тұрақты жұмыс орындары болмақ. 

Биыл жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 1,2 млн азамат қамтылады, оның ішінде:

- «Еңбек» бағдарламасы арқылы - 700 мыңнан астам адам;

- Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 41 мың жұмыс орны құрылады, оның ішінде 28 мыңы тұрақты жұмыс орны болады;

- басқа мемлекеттік бағдарламалар аясында 440 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.  

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Г
Гулнара 14.06.2021
Жасым 52 де маган жцмыс керек жардем колын созыныздар
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл