Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде жұмысынан айырылған адамға төленетін жәрдемақы көлемі қанша
Жаңалықтар

Елімізде жұмысынан айырылған адамға төленетін жәрдемақы көлемі қанша

06.08.2021
1 мин
4
2773

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 70,3 мың адамды құрады. Бұл ретте биылғы жылы 47 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады.

Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:

  • eGov.kz порталында авторизациялану;
  • "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
  • онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;
  • бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – ХЖҚО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
  • егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге ХЖҚО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);

"Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады" делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған. Бұдан бұрын хабарланғандай, жұмыссыздарды тіркеу рәсімдерін жеңілдету және жұмыспен қамтуды қолдау бойынша мемлекеттік қызметтер алуды жеңілдету үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Электрондық еңбек биржасы (бұдан әрі – ЭЕБ) арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қашықтықтан қызмет көрсету функционалын іске қосты. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
4 Пікір
А
Асель 15.06.2023
6ай алгасон бул жәрдемақыны,сол уакыт аралығында жумыс таппасаң,создыруга болама екен мерзимин
Жауап беру
Г
Гулназ 07.08.2021
Жумыс пен камтыу орталыгына барасын жумыс тауып береме сразь
Жауап беру
Б
Бейсенкуль 07.08.2021
Мугедек бала асыраушымын
Жауап беру
А
Анар 07.08.2021
Маған толенеме
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл