441.89
502.56
5.19
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада бұрынғы күйеуінің қолынан әйел қаза тапты: полиция күдіктіні тұтқындады
Жаңалықтар

Астанада бұрынғы күйеуінің қолынан әйел қаза тапты: полиция күдіктіні тұтқындады

24.09.2026
мин
0
157
Сурет: Aikyn.kz

Елордада бұрынғы жубайына пышақ жұмсап, мерт қылды деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қайғылы оқиғадан кейін әлеуметтік желіде марқұмның жеке басы мен күдіктінің бұрынғы қызметіне қатысты түрлі сыбыс тараған болатын. Құқық қорғау органдары осыған байланысты арнайы мәлімдеме жасады.

Астана қалалық Полиция департаменті берген ресми мәліметке сүйенсек, оқиға 22 қыркүйек күні кешкі сағат 20:00 шамасында орын алған. Кезектен тыс түскен дабыл бойынша жеткен полиция қызметкерлері ауыр жарақат алған әйелдің оқиға орнында тіл тартпай кеткенін анықтады.

Шабуылды марқұмның бұрынғы күйеуі жасады деген күдік расталып, ол жедел іздестіру шаралары барысында қолға түсті. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қайғылы жағдайдан кейін әлеуметтік желілерде марқұмның есімі Жазира екені, оның 1996 жылы дүниеге келгені және артында екі баласы қалғаны туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ шабуыл әйел көлігін тұраққа қойып жатқан сәтте жасалғаны айтылуда. Әйтсе де, бұл мәліметтерді құқық қорғау органдары әлі ресми түрде растаған жоқ.

Бұдан бөлек, желіде ұсталған азаматтың бұрын учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істегені жазылған еді. Алайда бұл қауесетті Астана қаласының Полиция департаменті кесіп айтып, жоққа шығарды.

- Тарап жатқан ақпараттарға байланысты күдіктінің ешқашан полиция қатарында қызмет етпегенін хабарлаймыз, — делінген ведомство таратқан ресми түсініктемеде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласында екі азаматтың шақырумен келген жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақ кезеніп, сес көрсеткені туралы хабарланған болатын.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл