Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана қаласының теміржолшылары «жалақының 100% көтерілуін, сыйақының уақтылы төленуін» талап етіп, наразылық білдірді. Олар елордадағы Астана І теміржол стансасына жиналды, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Ulysmedia.kz-ке сілтеме беріп.
«Біз Астана қаласының теміржол жұмысшылары Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа және Қазақстан Темір жолының президенті Сауранбаев Нұрлан Ермекұлына үндеу жолдаймыз. Біздің теміржол жұмысшыларының талабы: жалақымыздың 100% көтерілуін талап етеміз! Сонымен қатар, ұжымдық, кварталдық, жылжық сыйақы төлеуіңізді талап етеміз! 16 желтоқсанға дейін жауап беруіңізді сұраймыз», - деді теміржолшылар.
«Қалғандарымыз қолдаймыз ба?» деген сұраққа басқа теміржолшылар қолдаймыз деп жауап берді.
Ulysmedia.kz тілшісі теміржол жұмысшыларымен тілдесіп, мәселенің мәнісін тереңірік түсініп, теміржолшылар нақты қанша сомаға айлықты көтеруді талап ететіндерін білмек болған. Алайда сондағы мекеме басшыларының бірі келіп, жұмысшыларды өз кабинетіне алып кетті. Ulysmedia.kz тілшісінің «осы мекеме басшылығы тарапынан қандай да бір ресми түсінік бересіздер ме?» деген сұрағына әлгі адам еш жауап бермей, өз жұмыс орыны «стратегиялық нысан» екенін айтып, кіріп кетті. Жұмысшылар да басшыларымен бірге барды.
Айта кетсек, 7 желтоқсанда Қарағанды облысының Балқаш қаласының Жүк тасымалы қызметкерлері президентке үндеу жолдап, жалақыны 100% көтерілуін, сыйақының уақтылы төленуін талап еткен еді.