Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында биыл қанша білім ордасы ашылатыны туралы жазды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің мәлімдеуінше, елордада мектептер, балабақшалар, емханалар мен оқушылар сарайлары сияқты әлеуметтік маңызды нысандардың құрылысы белсенді түрде жүргізілуде.
– Жаңа оқу жылына дейін тағы 15 мектепті пайдалануға береміз. Соның жетеуі – "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынуда, – деді әкім.
Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек биылғы оқу жылының ішінде елордада бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке қол жеткізілгенін атап өтті.
– Елордада биылғы оқу жылы ішінде рекордты көлемде мектептер салынды. Бас-аяғы 24 жаңа оқу орны ашылды. Бұл мектептер 66 мыңға жуық оқушы орнын (екі ауысымда) ашуға мүмкіндік берді. 24 оқу орнының 16-сы – "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.