Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұр-Сұлтан қаласында көпбалалы және жалғызбасты аналарға «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспана кілттері берілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Шара әкімнің орынбасары Нұрлан Нұркенов пен «Отбасы банк» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаевтың қатысуымен өтті.
«Өткен жылы 2 500 азамат мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдетілген баспанаға ие болды. Ағымдағы жылы дәл осы жобалар жалғасын табады. Сондай-ақ 8 мыңға жуық пәтер беріледі деп жоспарланған. «Отбасы банк» арқылы мемлекеттік бағдарламалармен түрлі санаттағы азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету алға қойылды», - деді Жансұлтан Матаев.
Тағы көру