Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада Мәңгілік Ел даңғылында мопед жүргізіп келе жатқан жасөспірімді көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мопед 13 жастағы бала тізгіндегені анықталды.
Оқиға орнынан түсірілген видеода мопедтің қираған бөлшектері жан-жаққа шашылып жатқанын, сондай-ақ медицина қызметкерінің баланы жедел жәрдем зембіліне салып жатқанын байқауға болады.
Полицияның хабарлауынша, жол апаты 4 қараша күні Мәңгілік Ел даңғылы мен Алматы көшесінің қиылысында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша жасөспірім Мәңгілік Ел даңғылымен Керей-Жәнібек хандар көшесіне қарай қозғалып бара жатып, бағдаршамның қызыл жарығына тоқтамай, маневр жасап жатқан Hyundai көлігімен соқтығысқан. Кәмелетке толмаған бала оқиға салдарынан ауруханаға жеткізілді, ал жол апатының нақты себептері анықталып жатыр.
Астананың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем қызметкерлері 2011 жылы туған баланы №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасына апарған. Дәрігерлер баланың сол жақ жамбас сүйегінің сынғанын анықтап, оны травматология бөліміне жатқызды.