Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жуырда Астана қаласы бойынша үй кезегінде тұрғандарға «Шаңырақ» бағдарламасы басталады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қарағанды тас жолы, Метро маңындағы «Отау» тұрғын үй кешені бойынша – 127 бір бөлмелі пәтер.
Жағалау, Хан-Шатыр ауданы, «Жағалау» тұрғын үй кешені бойынша – 145 бір бөлмелі пәтер белгіленген.
Бағдарлама шарттары қандай?
- Алғашқы жарна - 10%. Конкурс өткізу жүйесіне байланысты;
- Жылдық үстемақы – 5%;
- Несие мерзімі – 20 жылға дейін.
Конкурсқа қатысушы тұлға бірқатар талапқа сай болуы тиіс:
- Жергілікті әкімдікте үй кезегінде тұру. Кез-келген категория бойынша кезекте тұрғандар қатыса алады;
- Сіздің атыңызда соңғы 5 жылда баспана болмаған болуы керек;
- Тек алғашқы нарықтан, жергілікті әкімшілік салған үйлерден пәтер ала аласыз;
- Отбасының табысы жан басына шаққанда 3,7 күнкөріс деңгейінен аспауы қажет. Әр адам басына 150 097 теңге.
Еске салайық, қосымша немесе тікелей сатылымда банк сыйақысы өте маңызды. Бұл жерде кім ақшаны жақсы жинаса, сол ұтады.
Фото: ғаламтордан