Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Астана қаласының полиция басқармасымен және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп автокөлік құралдары үшін салық берешегін өндіріп алу бойынша «Борышкер» жедел-алдын алу іс - шарасы өткізіп жатыр, деп хабарлайды Dauletten.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінде жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешегінің жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеге жеткен.
Рейдтік іс-шараларды өткізу барысында 97 млн теңге өндірілді.
«Іс-шараларды өткізу барысында Lexus, Toyota Land Cruiser, Mercedes Benz, Tundra маркалы және қозғалтқыш көлемі 4 000 текше см-ден асатын 20-дан астам көлік айыппұл тұрағына қамалды», - деді ведомстводан.
Алдағы уақытта іс-шара жыл соңына дейін тұрақты түрде жалғасатын болады.
Бұл ретте kgd.gov.kz сайтының және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшалары мен екінші деңгейдегі банктер көмегімен қарызды тексеруге болады.