Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елордалық полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді сақ болуға шақырады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ауа райының нашарлауына байланысты жолдарда қиын жағдай туындауы мүмкін екенін ескертеміз. Көлік құралын басқару күрделене түседі, яғни апаттар ықтималдығы артады. Қала жолдарында және жекелеген учаскелерде, атап айтқанда жол өткелдерінде, айналма жолда көру мүмкіндігінің шектелетінін ескеру қажет, көктайғақ болуы мүмкін«, - деп жазды қалалық полиция департаментінен.
Ведомство, сонымен бірге Астана - Щучинск бағыты бойынша тас жол ауа райына байланысты жабылатынын хабарлаған.
«Жылдамдық режимін, қашықтықты сақтап, жол белгілерінің талаптарын орындау қажет. Жаяу жүргіншілер жолдан өту кезінде көліктің тежегіш мүмкіндігі ылғалды және тайғақ жолда ұлғаятынын ескеру керек», - делінген полиция мәліметінде.