| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Емделуге бағытталған зейнетақы қаражатына өтінім беру уақытша шектелді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Отбасы банктің мәліметінше, 12 қаңтар күні сағат 19:00-ден бастап enpf-otbasy.kz платформасында емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша өтінім қабылдау уақытша тоқтатылды
Отбасы банк бұл шешімнің Денсаулық сақтау министрлігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде қабылданғанын хабарлады.
Алдағы кезеңде зейнетақы жинақтарын медициналық қызметтерге пайдалану талаптары қайта қаралады. Сонымен қатар, ақпараттық жүйелерді өзара интеграциялау арқылы қаражаттың мақсатсыз жұмсалуын болдырмау шаралары күшейтілмек.
Жаңартылған тәртіп пен өтінім қабылдаудың қайта басталуы туралы қосымша ақпарат кейінірек жарияланады.