Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша берілетін төлем артады
Жаңалықтар

Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша берілетін төлем артады

18.01.2023
1 мин
2
2360

Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша 1 айға төленетін әлеуметтік жәрдемақы 15 АЕК-тен (51 750 теңгеден) 25 АЕК-ке (86 250 теңгеге) дейін ұлғаймақ. Бұл туралы Мәжілістің қарауына енгізілген «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көрсетілген, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Парламенттің төменгі палатасының талқылауына берілген құжатта Еңбек кодексінің бірнеше бабына өзгеріс енгізу ұсынылған. Оның ішінде «Жұмыскерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу» бабын жаңа редакцияда жазу көзделген.

«Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша 1 айға төленетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері тиісті жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшері жалақының 100% құрайды», - делінген депутаттар қарауына түскен құжатта.

Ал жұмыскер еңбек ету барысында жарақаттанса немесе кәсіптік дертке шалдығып, қызметке уақытша жарамсыз деп танылса, онда оған орташа жалақының 100% мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы төленеді.

Фото: almaty.tv

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Н
Назира 18.01.2023
Қашаннан бастап көбейеді екен
Жауап беру
Л
Лаззат 18.01.2023
Болничный калай толенеди
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл