Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Енді психоэмоционалдық ауытқуы бар жастар әскерге алынбайды
Жаңалықтар

Енді психоэмоционалдық ауытқуы бар жастар әскерге алынбайды

06.08.2025
1 мин
0
179
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанда әскерге шақырылушыларды іріктеудің жаңа әдісі – PSY-тәуекел жүйесі енгізіле бастады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жүйе суицидтік мінез-құлыққа бейімділікті ерте анықтап, психоэмоционалдық ауытқуы бар азаматтарды әскери қызметтен шеттетуге бағытталған.

2025 жылғы көктемгі шақырылымда пилоттық жоба нәтижесінде 470-тен астам жас анықталып, әскерге жіберілмеген.

Жүйе бірнеше кезеңнен тұрады: бастапқы скрининг, терең психологиялық диагностика, қажет жағдайда психиатриялық сараптама.

Инициатива Қорғаныс министрлігінің әскери психологтарымен әзірленген. Бұл мәселе Ұлттық әскери-патриоттық орталықта өткен ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында қаралды.

Подполковник Арман Қалышевтің айтуынша, бастама Үкімет тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда және әскердегі қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған.

Жүйе еліміздің барлық өңірлерінде кезең-кезеңімен енгізіледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл