Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Енді SIM-карта нөмірлерін тек е-Gov порталы арқылы алуға болады. Қазақстанда азаматтарға SIM-карта сатуға шектеу енгізілмек. Мұндағы басты мақсат - алаяқтарға тосқауыл қою, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Енді әр азаматқа бір ғана SIM-карта беріледі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі алдағы уақытта байланыс саласына қатысты арнайы заң нормаларын енгізуді жоспарлап отыр, сәйкесінше, телефон нөмірлерін беру құзыреті мемлекетке берілмек. Бұл жайлы Мәжіліс отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек айтты.
- Қазір нөмірлік жоспарды байланыс операторлары береді. Біз бұл құзыретті мемлекетке беруді жоспарлап отырмыз. Оған сәйкес, азаматтар ұялы телефонға және қалалық телефондарға арналған нөмірлерді үкіметтің порталы арқылы немесе eGov mobile қосымшасы арқылы алатын болады. Сонымен бірге SIM-карталар көлемін де шектейміз. Бір азаматқа бір ғана SIM-карта беріледі, - деді вице-министр.
Бұл өзгеріс елдегі интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында жүзеге асырылмақ. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бүгінде алаяқтар азаматтарды алдаудың түрлі тәсілдерін пайдаланып жүр.