Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі қызметіне тағайындалды
Жаңалықтар

Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі қызметіне тағайындалды

09.01.2025
1 мин
0
249
Сурет: prosud.kz

Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

- Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалды, - деп көрсетілген ресми хабарламада.

Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы 1975 жылы Алматы облысы, Талғар ауданы, Октябрь ауылында туған.

1997 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын “Радиоинженер” мамандығы бойынша, ал 2000 жылы Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетін “Заңгер” мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолы:

  • 1998-2002 жылдары Халықаралық ынтымақтастық департаментінің ТМД елдерімен әскери ынтымақтастық бөлімінің офицері, кейін ҚР Қорғаныс министрлігі аппаратының Халықаралық әскери ынтымақтастық департаментінде шарт-құқықтық бөлімнің офицері және аға офицері ретінде қызмет етті.
  • 2002-2005 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің консультанты, кейін Қорғаныс және құқықтық тәртіп секторының меңгерушісі лауазымдарында жұмыс істеді.
  • 2005-2011 жылдары ҚР Парламенті Сенаты Аппаратына ауысып, Әлеуметтік-мәдени даму комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінде меңгеруші орынбасары және бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
  • 2011-2016 жылдары ҚР ҰҚК-де жұмыс істеп, Заң департаменті бастығының орынбасары және бастығы лауазымдарында еңбек етті.
  • 2016-2022 жылдары ҚР Парламенті Сенаты Аппаратында әртүрлі басшылық қызметтерді атқарды, соның ішінде:
  • Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі (2016-2017);
  • Аппарат басшысының орынбасары (2017-2019);
  • Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі (2019-2022).
  • 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы болып тағайындалды.

Марапаттары:

“Ерен еңбегі үшін”, “Үздік мемлекеттік қызметші” төсбелгілерімен, бірқатар мерекелік медальдармен және Жоғарғы Соттың, ҰҚК, Қорғаныс министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапатталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл