Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ертең Астанада екі көше уақытша жабылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
28 қарашада Астанада өтетін Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына байланысты қала көшелерінің кейбір учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
Полиция департаментінің мәліметінше, 28 қараша күні таңғы сағат 06:00-ден кешкі 20:00-ге дейін Нәжімеденов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан Қасым Аманжолов көшесіне дейінгі бөлігінде және Қасым Аманжолов көшесінің Жұмекен Нәжімеденов көшесінен Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы толықтай тоқтатылады.