Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Докторантура шәкіртақысы 500 мың теңгеге дейін артады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда 2028-2029 оқу жылына дейін магистратура мен докторантура студенттерінің шәкіртақысы 100 пайызға өседі. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек атап өткеніндей, шәкіртақы жыл сайын 20 пайызға артатын болады.
Магистратура, докторантура студенттері үшін шәкіртақы жыл сайын 20 пайызға өсіп отырады. 2028-2029 оқу жылына дейін 100 пайызға өседі. Мәселен, докторантураның шәкіртақысын осы уақытқа дейін 500 мың теңгеге жеткіземіз. Бұл - алдағы бесжылдыққа арналған жоспар, – деді министр.
Министрдің айтуынша, бұл шара ғылыми кадрлардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және білім саласындағы жастарды қолдауға бағытталған.