Brent
100.41
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ИИДМ: «Пәтерлер ұтысы туралы ақпарат жалған»
Жаңалықтар

ИИДМ: «Пәтерлер ұтысы туралы ақпарат жалған»

07.04.2023
1 мин
0
767

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «конкурстық негізде өткізілетін пәтерлер ұтысы» туралы ақпараттың жалғандығын айтып, алаяқтарға алданбауға шақырады.

ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, алаяқтар өздерін ведомство қызметкерлері ретінде таныстырып, министрлік жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып конкурстық негізде пәтерлердің ұтысын өткізетіні туралы айтып, тұрғындарға хабарласқан. Олар мемлекеттік органға «қаржылай берешегі» туралы мәлімдеп, ол өтелген жағдайда азамат конкурстық негізде «пәтер алатыны» туралы айтқан.

 Министрлік аталмыш ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады. Себебі, тұрғын үй беру мәселесі жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде. Ол санаттарға сәйкес және кезекке қою күніне байланысты бөлек тізімдермен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру бойынша өзекті ақпаратты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Call-орталығынан ала алады.

 Ведомства өкілдері, күмәнді жарнамаларға назар аудармай, арандатушылыққа жол бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Фото: 7kun.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
138
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл