Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері 9 жастағы қыздан "жынды шығарып" жатқан видеоны тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтты.
Емші кәмелетке толмаған балаға рәсім жасаған бейнежазбаға қатысты: аталмыш іс бойынша ІІМ, өңірлік уәкілдермен жұмыс істеп жатырмыз. Емшінің жеке басы мен баланың тұрып жатқан жері анықталды. Ақпарат тексеріліп, мән-жайы анықталып жатыр, - деді Зәкиева.
Әлеуметтік желіде тараған видеода 9 жастағы қыздың бойына 19 жастағы Ләззаттың "аруағы" кіріп кеткені айтылған. Өзін емші деп таныстырған Кейқуат Оспанов сұрақтар қойып, бала емес, "жын" жауап беріп жатқанына сенімді.