Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ірі көлемдегі алаяқтық бойынша күдікті Түркиядан Қазақстанға қайтарылды
Жаңалықтар

Ірі көлемдегі алаяқтық бойынша күдікті Түркиядан Қазақстанға қайтарылды

08.09.2025
1 мин
0
132
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері, Сыртқы істер министрлігі және Түркияның құзырлы органдары бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық азаматты елге экстрадициялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2023 жылы Шымкент қаласында сыбайластарының көмегімен интернет алаңдарда арзан бағамен автокөлік сатылады деген жалған хабарландырулар орналастырған. Соның салдарынан 52 жәбірленуші жалпы сомасы 70 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылды.

Қылмыстық топтың басқа мүшелері бұрын түрлі жазаларға тартылған. Ал күдіктінің өзі ұзақ уақыт бойы жасырынған, биыл тамыз айында Түркия аумағында ұсталған.

Қазір ол Қазақстанға жеткізіліп, тергеу изоляторына қамалды. Сот кінәсін дәлелдесе, мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бас прокуратура қылмыскерлерді қай елде жасырынғанына қарамастан жауапкершілікке тарту жұмысы жалғасатынын мәлімдеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл