Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлеуметтік желіде карантин кезінде 75 мың теңге көлеміндегі тағы бір төлем беріледі деген ақпарат тарап жатыр.
Белгісіз адамдар желілерде парақша ашып, қазақстандықтарға көмек алуды ұсынған. Алайда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Қазақстанда жаңа шектеу шараларының енгізілуіне байланысты Желіде әлеуметтік көмек төлемдері туралы таратылатын ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұған дейін төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты 42 500 теңге түріндегі әлеуметтік көмек тағайындалғаны хабарланған болатын. Ал қазіргі уақытта шектеу шараларын күшейту жұмыстары жүзеге асып жатыр. Сондықтан төлем жүргізуге заңды негіз жоқ", - деп түсіндірді ведомство өкілі.
Сондай-ақ, Еңбек министрлігі халықты Желіде тарайтын жалған мәліметтерге сенбеуге және тек ресми ақпарат көздерін оқуға шақырды.