Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Кәсіпкер: Кәсіп бастаудан қорықпау керек, бос өмір сүруден қорқу керек
Менің кәсібім

Кәсіпкер: Кәсіп бастаудан қорықпау керек, бос өмір сүруден қорқу керек

19.06.2023
5 мин
3
1376

Кезекті сұхбатымыз бірнеше кәсіпті дөңгелетіп жүрген, «AllStroy» құрылыс дүкенінің директоры, көлікті сату және жалға берумен айналысатын кәсіпкер Жандар Сыдықовпен болады. Қарапайым отбасынан шыққан азамат кәсібін қалай бастады? Шетелдегі кәсібі мен  алдағы мақсаттары туралы толығырақ Dauletten.kz сайтынан оқи аласыздар.

  • Кәсіп бастауға не түрткі болды? Басты себеп қандай?

– Мен өзім қарапайым отбасынан шыққан азаматпын. Әкем өмірден ерте кеткеннен кейін жалғыз басты анам үшін мені және ағамды асырап, бізге білім беру қиынға соқты. Заңгер мамандығын оқып, диплом алған соң мемлекеттік мекемеде қызмет еттім. Бірақ ол жердің айлығы, шайлығыңа жетпейді. Сол жерде жұмыс жасап жүріп, 200 мыңдай қаражат жинап, алғашқы кәсібімді бастадым.

  • Алғашқы тапқан табысыңыз бен соңғы тапқан табысыңыздан қандай айырмашылықтарды байқадыңыз?

– Алғашқы тапқан табысым есімде, ал соңғы тапқан табысым есімде жоқ (күлді). Айырмашылық осында деп ойлаймын. Алғашқы тыбысым мен соңғы табысымның айырмашылығы бар әрине. Бірақ ол кезде қанша қаражат тапсам да, қазір қанша тапсам да соғұрлым қайырымдылықпен айналысамын. Айта кететін жайт, неғұрлым адамдарға көп көмектессең, оның жақсылығы екі-үш есе болып қайтатынына көзім жетті.

Тағы бір айырмашылығы, ол кезде шетел аралауға, көпті көреуге ақша жетпеді. Бірақ ол кездің өз жылулығы бар, қызығы мол болды. Уақыттың да жеткілікті екенін сездім. Ал қазір табыс көп тапқан сайын, уақытта жылдам өтіп бара жатқандай.

  • Бірнеше кәсібіңіз бар екен? Арнаулы білім алдыңыз ба әлде тәжірибемен келе ме?

– Иә, құдайға шүкір бес кәсіптің басын дөңгелетіп отырмын. Олар: құрылыс материалдарын сататын дүкен, Астана қаласында және Дубай қаласында көлікті жалға беретін орталық, Дубай, Корея, Грузия мемлекетінен көліктерді тасымалдау автотрекпен айналысамыз және кішігірім жалға беру түрлері бар. Шүкір деймін, осыған дейін бастаған кәсіптерімнің ешқайсысы жабылмады. Әрине айлап, жылдап табыс әкелмеген кәсіптерім болды, бірақ қолды сілтемей, аяғына дейін жеткіздім.

Арнаулы білім дегенге келетін болсақ, жоғарыда атап көткендей негізгі мамандығым заңгер. Мемлекеттік қызметте жүргенде басшым өте қатал болды. Сол кісінің арқасында тәжірибе жинақтадым десем болады. Қатпас қайсарлық, тапқырлық қасиеттерін оятқан сол кісі болды. Өз кәсібіме де сол мемлекеттік қызметтегі тәжірибем көп көмектесті.

  • Өзіңіз үлгі тұтатын тұлға кім? Ол тұлғалар жетістікке жетуде сізге қандай шабыт, серпін берді?

– Шынымды айтсам, менің үлгі тұтар тұлғам болмаған. Болады деп те ойламаймын. Ол менің өмірлік көзқарастарыма байланысты сияқты. Үлгі тұтар ағаларым бар. Жалғыз ғана тұлға емес, олар бірнеше, тіпті күнде пайда болады десем де болады. Әрқайсысы жан-жақты, өмірге деген құлшынысы өте жоғары, азамат, қайраткерлер. Айта берсем көп ондай ағаларым. Сондай үлгі болар ағаларға қатты қызығамын. Өзім де менен жас азаматтарға үлгі болуға барынша тырысып жүрмін.

  • Барлық шыңдарға жеттім деп ойлайсыз ба? Ендігі мақсаттарыңыз қандай?

– Барлық шыңдарға жеттім деп ойламаймын. Себебі алар асулар әлі алда. Ендігі қойған мақсаттарым көп. Солардың бірі Дубайда бизнес ашқаннан кейін, бәрін көріп-біліп жүрмін. Осы жақта да Қазақстаннан келген азаматтар өте көп. Барлығы да әртүрлі кәсіппен айналысып жатыр. Бұл жерде көпшілігі қазақ ұлтын сыйлайды. Дубайға көп мемлекеттен демалуға келеді. Global Village деген районда бірнеше мемлекеттің павильоны бар. Бірақ Қазақстанның павильоны жоқ. Өйткені қазақтар бұл жерде бірікпеген. Егер қазақтарды біріктіріп, кәсіпкерлердің басын қосса, ұйым құрып, көк байрағымызды желбіретсек, көп мемлекет бізді таныр еді. Осы сұрақ мені алаңдатады және өзімнің бір миссиям ретінде қабылададым. Осыны жүзеге асырсақ екен, мықты диаспора құрсақ екен деген арманым бар. Қазіргі күні алдыма қойған мақсатым осы. Ал жеке кәсібімдегі мақсаттарым біртіндеп жүзеге асып жатыр.

  • Бізде бизнестің қай саласы ақсап тұр деп ойлайсыз? Қандай кәсіп түрлері жетіспейді?

– Аллаға шүкір деймін, бизнес саласы біртіндеп болса да дамып келе жатыр. Әр кәсіпкер шетелді аралап жақсы идеямен елге оралып, кәсіптерін жүргізіп жатыр. Менің ойымша еліміз үшін IT саласындағы бизнестерді және медиа саласындағы бизнестерді дамыту керек.

Өткен уақытқа көз сүзер болсақ, бір жылдары аудит, бухгалтер, заңгер сияқты мамандықтар үлкен сұраныста еді. Одан кейін IT, программалау болды. Ал қазір менің ойымша медианы дамыту керек сияқты және осы сала табысты болады.

  • «Кәсіп бастаймын» деушілерге қандай кеңес айтасыз?

– Кәсіп бастаудан қорықпау керек, бос өмір сүруден қорқу керек. Бірақ өмірлік заңдылықтар бар сол заңдылықтарды ұстану керек деп есептеймін. Сол заңдылықтарды ұстану арқылы кәсіп өзі алға басады. Менің беретін кеңесім ол жеке кәсіп бастағанда батыл, қайсар, адал және қайырымдылық жасап тұру керек. Сонда бәрі өз ретімен болады және кәсібіңіз де жемісін береді.

3 Пікір
D
DR UMAR 23.08.2023
Сіз бүйрек сатып алғыңыз келе ме, әлде бүйрегіңізді сатқыңыз келе ме? Қаржы дағдарысына байланысты бүйрегіңізді қолма-қол ақшаға сату мүмкіндігін іздеп, не істеріңізді білмейсіз бе? Бүгін бізге хабарласыңыз, біз сізге бүйрегі үшін жақсы $400 000 ұсынамыз Бүйрегіңізге жақсы ақша сомасын ұсынамыз. Менің атым дәрігер УМАР Мен UMAR клиникасының нефрологымын. Біздің клиника бүйрек хирургиясы бойынша мамандандырылған және біз де емдейміз Бүйректерді сатып алу және трансплантациялау Сәйкес донор. Электрондық пошта: doctorumarclinic@gmail.com WhatsApp: +31 684911709 Telegram:+31 684911709 Viber: +31 684911709 Біз Үндістанда, Түркияда, Францияда, Нигерияда, Америка Құрама Штаттарында, Малайзияда, Дубайда, Кувейтте орналасқанбыз. мұқият Доктор УМАР
Жауап беру
Л
ЛАЗЗАТ 20.06.2023
ҚАЙЫРЛЫ КЕШ ЖАНДАР СЫДЫҚОВ БАУЫРЫМ ЕҢБЕГІҢІЗ ӨРЛЕЙ БЕРСІН ТАБЫСТЫ БОЛ ЫҢЫЗ ҚАЗАҚТЫҢ ЖІГІТТЕРІ СЕН СИЯҚТЫ БІЛІМДІ ҮЛГІЛІ БОЛА БІЛСЕ НҰР ҮСТІНЕ НҰР БОЛАР ЕДІ ҚАЗАҚ ЖІГІТТЕРІ АЛҒА ЖАРАЙСЫНДАР
Жауап беру
Л
ЛАЗЗАТ 20.06.2023
ҚАЙЫРЛЫ КЕШ ЖАНДАР СЫДЫҚОВ БАУЫРЫМ ЕҢБЕГІҢІЗ ӨРЛЕЙ БЕРСІН ТАБЫСТЫ БОЛ ЫҢЫЗ ҚАЗАҚТЫҢ ЖІГІТТЕРІ СЕН СИЯҚТЫ БІЛІМДІ ҮЛГІЛІ БОЛА БІЛСЕ НҰР ҮСТІНЕ НҰР БОЛАР ЕДІ ҚАЗАҚ ЖІГІТТЕРІ АЛҒА ЖАРАЙСЫНДАР
Жауап беру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл