Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Kaspi Bank мобильді аударымдарға қатысты сұрақтарға жауап берді
Жаңалықтар

Kaspi Bank мобильді аударымдарға қатысты сұрақтарға жауап берді

02.12.2021
1 мин
16
12619

Парламент сенаты мобильді аударымдарға қатысты салық заңнамасына түзетулер енгізді. Осыған байланысты желіде мобильді аударымдарға қатысты түрлі ақпарат, соның ішінде одан бас тарту туралы жазбалар пайда болды. 

Kaspi Bank заңға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.

Мен жеке тұлғамын. Менің мобильді ақша аударымым туралы деректер салық органына беріле ме?

Жоқ. Банк құпиясын сақтау талаптарына сәйкес сіздің ақша аударымыңыз туралы деректер салық органдарына берілмейді. Сіз бұрынғыдай жеке мақсатыңыз үшін ақша аудара аласыз және қабылдай аласыз.

Жалпыға бірдей декларациялауды кезеңмен енгізу туралы заңға сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүргізу белгілерінің бары туралы мәліметтер тек 2025 жылдан бастап берілетіні көзделіп отыр. 2025 жылға дейін жеке кәсіпкер емес және мемлекеттік қызметші емес жеке тұлғалар үшін ештеңе өзгермейді.

Мобильді ақша аударымына шектеу қойыла ма немесе салық салына ма?

Жоқ. Жеке тұлғалардың арасындағы ақша аударымына салық салынбайды. Заң жобасында ақша аударымына жаңа салықтың немесе шектеудің пайда болатыны көзделмеген.

Егер кәсіпкер клиенттерден мобильді ақша аударымын алатын болса, ол үшін көтеріңкі салық төлеуі керек пе?

Жоқ. Заң жобасында жаңа салықтың пайда болатыны көзделмеген.

Кәсіпкерлік мақсатта мобильді ақша аударымын пайдалану қазірдің өзінде сатушыларды ел заңнамасына сай салық төлеу және фискалдық чек беру міндетінен босатпайтынын атап өтеміз.

Мен жеке кәсіпкер не компания басшысымын. Менің мобильді ақша аударымым туралы деректер салық органына беріле ме?

Жалпыға бірдей декларациялауды кезеңмен енгізу туралы заңға сәйкес жеке кәсіпкерге не компания басшысына тиесілі шоттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізу белгілерінің бары туралы мәліметтер 2024 жылдан бастап берілетіні көзделіп отыр.

Ендеше бұл заң жобасы не туралы?

Заң жобасы жеке тұлғалардың арасындағы мобильді ақша аударымына қатысты емес.

Мобильді төлемдер ұғымын және жеке кәсіпкер мен заңды тұлғалар үшін тауарлар немесе қызмет көрсету үшін ақыны арнайы кәсіпкерлік қызметке арналған шоттарға қабылдау міндетін енгізу көзделіп отыр.

Мысалы, мұны тауарлар мен қызмет көрсету үшін ақы қабылдауға Kaspi Pay мобильді қосымшасы мен Kaspi QR-дың көмегімен қазірдің өзінде жасауға болады.

Мобильді аударымдарды көлеңкеден шығару

25 қарашада парламент сенаты кәсіпкерлерді мобильді аударымдар үшін жеке шот ашуға міндеттейтін заңды қабылдап, президенттің қол қоюына жолдады.

Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ғұмар Дүйсембаевтың айтуынша, пандемия кезінде шағын және орта кәсіпкерлер мобильді аударымдарды бүкіл жерде пайдалана бастады. Алайда ол тек жеке тұлғалар арасындағы транзакцияларға арналған.

Бұл мәселені заңнамалық реттеу мақсатында "мобильді төлемдер" түсінігі енгізілді.

Сонымен қатар кәсіпкерлер бизнеске арнап жеке шот ашуға міндеттеледі. Клиенттер де алған тауардың немесе көрсетілген қызмет ақысын төлегенде, ақшаны осы шотқа аударады. Банктер тиісті мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына береді.

Бұдан бөлек, заңға сәйкес, мобильдік төлемдер арқылы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін есеп айырысу кезінде онлайн-бақылау-касса машиналарын қолдану заңдастырылады.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
16 Пікір
Ш
Шынар 06.12.2021
Бул шындық ақпаратпа
Жауап беру
М
Мухтар 02.12.2021
Кеш жарық. Бұл Каспи банктің пікірі, ал кіріс департаментінің жауабы қайдаааа?
Жауап беру
А
Акжаркын 02.12.2021
Бул шындык па акпаратпа
Жауап беру
Г
Гульнара 02.12.2021
Бул шын акпаратпа
Жауап беру
М
Мика 02.12.2021
Поняла, что ничего не поняла...депті ғой бір орыс
Жауап беру
М
Мика 02.12.2021
Поняла, что ничего не поняла...депті ғой бір орыс
Жауап беру
Қ
Қайша 02.12.2021
Өтірік,банк құпиясын сақтау талаптарына сай дейді,еқандайда банкте құпия жоқ,өйткені банк пен үкімет связьда,олай дейтінім нологовыйда кішкентай тиын ақшаңыз төленбей қалсыншы сразу счётты жауып тастайд,ал налоговый қайдан білед ол счётты,ары қарай өздеріңіз ойланыңыздар
Жауап беру
И
Инжу 02.12.2021
Онлайн касса барго итак, не деп міңгірлеп жүр, шыны керек ешқандай жас кәсіпкерлерді қолдау көріп жатқам жок, айтеур бирдене кып кысып калу, жеп калу. Әй котерілейікте бізде, кішкене тынышталындаршы.
Жауап беру
Б
Балжан 01.12.2021
Салематсызба каспийді жапсыру керекпе
Жауап беру
М
Мендықал 01.12.2021
Керемет ракмет
Жауап беру
А
Айнур 01.12.2021
Керемет
Жауап беру
А
Алма Ажмахановна 01.12.2021
Қазіргі уакытта халықтың миы ашыды. Ауыру бір шеттен саясат бір шеттен қысылып жаткан халық.Ақшаның жағдайы да мәз емес. Биліктің беріп жаткан статистикасы да халық сенерлік емес. Халық арасына сол шенеуніктер келсе жеп қоятынын олар да жаксы біледі. Ондай жағдайды көріп те біліп те жұрміз.Аллаһ ел тыныштығын берсін.
Жауап беру
Е
Ерсін 01.12.2021
Кәзір барып каспииді жаптырып тастамын
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл