Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Қазақстан Халық банкі" акцияларды сату жөнінде келіссөздер жүргізілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Қазақстан Халық банкі" желіде жарияланған Банктің стратегиялық серіктеспен акцияларды сату туралы келіссөздің шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді", - делінген банк хабарламасында.
Аталмыш ақпарат осыған дейін желіде Қазақстан Халық банкінің Сбербанкке сатылуы мүмкін деген расталмаған хабарлама тарағанынан шыққан.
"Банкке қатысты материалдың сипатын ескере отырып, банк Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды құқықтарын қорғау үшін сот және құқық қорғау органдарына жүгінуге құқылы", - делінген хабарламада.
Жалған ақпарат таратқандар заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
Банктің қоры жеткілікті, сондай-ақ "Қазақстан Халық банкі" еліміздің екінші деңгейлі банктері арасында қаржылық тұрақтылықтың ең жақсы рейтингтеріне ие.