Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Халық мені бекер қарғап-сілейді". Атышулы Хасан Қасымбаев сотқа арыз түсірді

14.10.2024
1 мин
1
3085
Сурет: dalanews

"Халық мені бекер қарғап сілейді". Атышулы Хасан Қасымбаев сотқа арыз түсірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz  Dala Inside-қа сілтеме қалдырып.

Қоғамда кеңінен талқыланып жатқан Шерзат ісі тың мәліметтермен толығуда. Осы істе есім-сойы жиі ұшырасқан Хасан Қасымбаев өзінің ар-намысы мен абыройын қорғау мақсатында марқұм баланың әкесіне және тағы басқа тұлғаларға қарсы арыз дайындап, Талғар аудандық сотына тапсырған.  

Хасанның айтуынша, оның атына тағылған айыптар мен қоғамдағы әңгімелер шындыққа жанаспайды. Ол қарапайым тұрмыстық төбелесті ұйымдасқан қылмыстық топтардың арасындағы қақтығыс ретінде көрсетуге тырысып жатыр деген пікірде.

Касымбаевтың пікірінше, оны атышулы қылмыстық топпен байланыстыру негізсіз. Әлгі арызда ол ешқашан кісі өлтіруге қатысты жастарды көрмегенін, білмегенін және олардың әрекеттеріне ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеген. 

Хасан кез-келген қоғамдық алаңда, тіпті БАҚ арқылы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге дайын екенін баса айтқан. Оның ойынша, бұл оқиға қарапайым тұрмыстық жанжал болған, бірақ оны әдейі бұрмалап, үлкен қылмыстық астар қосып, оның атына кір келтірмекші.

Бұған дейін БАҚ беттері мен желіде марқұм Шерзат пен оның отбасына шабуыл жасаған бір топ бұзақының "Хутор" атты жергілікті бандымен байланысы бар деген ақпарат тараған еді. Бірнеше дереккөз топтың төбе басында Хасан есімді азаматтың тұрғанын жазған болатын. 

Алматы облыстық полиция департаменті Шерзаттың өліміне күдікті ретінде ұсталған жеті адамның ұйымдасқан қылмыстық еш қатысы жоғын жеткізген.

Қылмыстық топ 2015-2016 жылдары белсенді болған, оның жетекшісі Ержан Қасымбаев адам өлтіргені үшін 15 жылға сотталған, қазір абақтыда отыр. 

Қасымбаевтар үш ағайынды. Ақорда маңындағы күбір-сыбырға жақын жүретін азаматтардың айтуынша Шерзаттың оқиғасында есім-сойы жиі ұшырасқан атышулы Хасан қазір Алматыда тұрады, оның ағасы Асылан Талғар қаласы әкімінің аппарат жетекшісі. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
С
САУЛЕ 14.10.2024
Неге онда басында бандиттын кришадары турмаса ашин аяк астынан болган нарсе болса тез умталатын еди бир мыкты биреу тур да.Жел урмаса шоптин басы кимылдамайды
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл