Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақмола полицейлері ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктерді ілестіріп жүруге мәжбүр. Ескертуге қарамастан көліктердің басым бөлігінің доңғалағы маусымға сай ауыстырылмаған.
Ақмола облысында 22 қазанда кейбір жол учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысы жабылды. Алайда ескертулерге қарамастан транзитпен келе жатқан көлік иелері жолда тұрып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz-ның Telegram арнасы.
Ақмола полицейлері облыс орталығынан түрлі бағыттардағы автокөліктердің бағандарын ілестіріп алып жүруге мәжбүр болды, көлік құралдарының жүргізушілерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 250-ден астам көліктен тұратын баған құрған патрульдік полицияның 3 экипажы автокөліктерді елорда бағытына қарай алып жүрді.
23 қазан, қатты көктайғақ. Щучинск қаласы бағытында баған қалыптастырудамыз. 200 көліктің 150-ге жуығы жазғы шиналармен жүр. Көбінесе транзитшілер, деп атап өтті Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Аслан Қызбикенов.