Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев «Іскер ана» жобасын жүзеге асыру және «Зерделі» ықшамауданындағы проблемалық мәселелерді шешу үшін Алатау ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Іскер ана» жобасы аясында 25 мыңға жуық көпбалалы ана білім алып, шеберлік курстарынан өтті. Сондай-ақ «Еңбек» бағдарламасы барысында көпбалалы отбасына жататын 888 адам 555 мың теңгеге дейін грант алды. Олардың 557-сі бизнес ашты. Тағы 203 көпбалалы ана 5 млн теңгеге дейін грант жеңіп алды. Жалпы сома 406 млн теңгені құрады.
«Сіздермен кездесу барысында бағдарлама сұранысқа ие және өзекті екенін байқауға болады. Әкімшілік тарапынан көпбалалы аналарға қолдау көрсетіледі. Аналарға кәсіпкерлік бойынша білім беру мен шеберлік сағаттарын өткізу жалғасын табады. Болашақта гранттар санын арттыру мақсатында жұмыс істейміз», - деді қала әкімі.
Сонымен қатар ол өз сөзінде биыл гранттардың жалпы сомасы 200%-ке артып, 700 млн теңгені құрағанын атап өтті.
Тағы көру