Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан үкіметі "Отбасы банк" салымшыларына жыл сайынғы сыйақыны енді мемлекет есебінен емес, банк өз қаражаты арқылы төлеуге шешім қабылдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдегендей, соңғы 12 жыл ішінде банк мемлекеттен 900 млрд теңге қаражат алған, ал 2026–2028 жылдарға арналған бюджетте оған тағы 210 млрд теңге қарастырылған.
- Бағдарламаның арқасында салымшылар саны 2,1 миллионға жетті. "Отбасы банк" мемлекеттік банк болғандықтан қаржылық жағдайы тұрақты. 2024 жылы банк таза табысы 121 млрд теңге болды. Сондықтан енді сыйақы банк өз қаражаты арқылы төленеді, – деді Мәди Такиев Мәжіліс отырысында.
Бұл өзгеріс мемлекет бюджетіне қосымша жүктемені азайтады, ал салымшыларға әсері болмайды. Сонымен қатар, әскерде қызмет еткен азаматтар "Наурыз жұмыскер" бағдарламасы арқылы тұрғын үйді төмен пайызбен сатып алу мүмкіндігіне ие болады.