Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғын үй сертификаттарына қаржы бөлу мәселесі қаралып жатқанын айтты.
Оның айтуынша, үй кезегінде тұрған әр азамат барлық жағдайды электронды түрде қадағалап отыра алады. Алматы қаласы бойынша көпбалалы аналарға үй алуға арнайы сертификаттар беріледі. Алғашқы жарна үшін 2 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде, екі мың отбасына сертификаттар беріледі.
«Мәселе біздің бақылауымызда. Үй кезегін жеделдету биылғы жылдың бюджетіне енгізілді, біз көп балалы аналарға тұрғын үй сертификатын беретін боламыз. Егер олар тұрғын үйді Отбасы банкі арқылы сатып алатын болса, онда бастапқы жарнаға 2 млрд теңге бөлдік», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Баспана алуға бағытталған бұл сертификаттарды көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар ала алады.
Тағы көру