Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қай жағдайда коронавирустың таралуы салдарынан Қазақстанның шекарасы жабылуы мүмкін деген сұраққа жауап берді.
«Қазір инфекцияның эпидемиологиясы зерттеліп жатыр. Егер бір елде коронавирустың жаңа штамы анықталып, бұл індет біздің елде анықталмаса, тек сонда ғана шекаралардағы шектеу іс-шаралары жөнінде шешім қабылданатын болады», - деді А. Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, қазіргі кезде коронавирус инфекциясының таралуының қайталануы байқалып отыр.
«Вирус түрленіп жатқанын және клиникалық ахуал да өзгеріп жатқанын көріп отырмыз. Осы вирустың жаңа штамының пайда болуы жайында ештеңе айта алмаймыз. Қазіргі кезде «дельта» вирусы кезіндегідей өкпенің қатты зақымдануы салдары жоқ десек болады. Сондықтан індетті зерттеу жұмыстарын жалғастырып, тиімді шешімдер қабылдайтын боламыз», - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, әлемде сырқаттану деңгейінің өсуімен қатар, Қазақстанда да 20 маусымнан бастап коронавирус инфекциясына шалдығу деңгейі өсті.