Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 — 527 теңгеден саудаланып жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұлттық банктің 17 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 521,67 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,32 теңге. Еуро — 592, 46.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 521 теңге. Еуро 590 — 597 теңге аралығында құбылып тұр.
Елордада долларды сату бағамы — 527 теңге, сатып алу құны — 520 теңге. Еуро 589 теңгеден сатып алынып, 597 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,23 — 6,35 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 16 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,67 теңгеге қымбаттап, 521,67 теңге болған.