| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қызылордада өткен кездесуде Президент еліміздің басты даму бағыттары мен стратегиялық мәселелерге тоқталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Негізгі ойлар мыналар:
Арал теңізін сақтау – адамзат үшін өзекті міндет
Президент Арал теңізін қорғау мәселесінің әлі де өзекті екенін атап өтті.
- Қызылордаға келгенде Арал мәселесін елемеу мүмкін емес. Қазір Кіші Аралдың суын қайтару бағытындағы шаралар қолға алынуда. Жоба биыл соңына дейін басталады, – деді ол.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы әлеуметтік өзекті мәселелерге де назар аударды:
Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау үшін нақты қадамдар жасалды.
Лудомания (ойынқұмарлық) және нашақорлыққа қарсы белсенді күрес басталды.
Аномастика саласындағы жұмыстар ретке келтірілді.
Мемлекеттік наградалар жүйесіне жаңа құрметті атақтар енгізілді.
Президенттің айтуынша, ұрпаққа зиян келтіретін әлеуметтік кеселдерге тосқауыл қою басты міндеттердің бірі болып отыр.
- Абайдың қара сөздерін ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізуіміз керек, - деді мемлекеи басшысы.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеуге де ерекше назар аударылды:
- Мемлекеттік рәміздерге салғырт қарауға болмайды. Заңды сақтау – әр азаматтың парызы, бірақ ең бастысы – олардың мәнін терең түсіну. Отаншыл азаматтарды әрқашан қолдау қажет, – деді Президент.
Президенттің бұл сөздері – еліміздің даму бағытын, табиғатты қорғау мен технологияны енгізудегі стратегиялық қадамдарды айқындайтын нақты бағдар және елдің тұрақты дамуына жол көрсетеді.