| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы ашылды. Кездесуде еліміздің дамуына ықпал ететін жаңа заңдар мен маңызды реформалар талқылануда, - деп хаьарлайды Dauletten.kz.
Бұған дейін Ұлытау, Түркістан, Атырау және Бурабай қалаларында өткен құрылтайларда барлығы 26 заң қабылданған болатын. Сол заңдардың қатарында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін беру, Түркістан қаласына ерекше құқықтық мәртебе беру, әйелдер мен балаларды қорғау, вандализммен күрес және есірткі тасымалына жауапкершілікті күшейту сияқты маңызды бастамалар бар.
V құрылтайда басты назар цифрландыру, жасанды интеллект, көлік-транзит, энергетика және адам капиталын дамыту мәселелеріне аударылмақ. Сарапшылардың пікірінше, осы заңдар мен бастамалар елдің экономикалық дамуына, әлеуметтік саланың жаңғыруына және азаматтардың өмір сапасының жақсаруына тікелей әсер етеді.
Мемлекет басшысы құрылтай мүшелеріне еліміздің стратегиялық дамуы мен қоғам өмірін жақсарту бағытындағы ұсыныстарын ортаға салуды тапсырды. Кездесу қорытындысында қабылданатын жаңа заңдар Қазақстандағы негізгі салалардағы реформаларды нақты жүзеге асыруға жол ашады.