Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
БҚО-да балалардың жоғалу оқиғаларының саны артты
Жаңалықтар

БҚО-да балалардың жоғалу оқиғаларының саны артты

14.01.2026
мин
0
455
Сурет: ЖИ көмегімен

Батыс Қазақстан облысында балалардың жоғалу оқиғалары өткен жылмен салыстырғанда екі есе өсті, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Батыс Қазақстан облысында өткен жылы полицияға 688 адам жоғалды деген арыз түскен, олардың 686-сы табылған.

Полиция дерегіне сәйкес, 2025 жылы өңірде 688 жоғалған адам туралы өтініш тіркелген, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 353 болған. Көбіне жоғалатындар – тұрақты табысы жоқ, алкогольді шамадан тыс қолданатын немесе психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған азаматтар. Барлық оқиғалардың шамамен 90%-ы облыс орталығында тіркелген.

Құқық қорғау органдарының басты алаңдаушылығы – балалардың үйден кетуі. Бір жыл ішінде кәмелетке толмағандардың жоғалуы туралы 384 хабарлама келіп түскен, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен екі есе көп. Қуаныштысы, барлық балалар бір тәулік ішінде табылып, ата-аналарына қайтарылған.

Полицейлердің айтуынша, негізгі себептер: отбасындағы жанжалдар, үйдегі қолайсыз жағдай және әлеуметтік желілердегі таныстықтар. Мамандар ата-аналарды, мектептер мен әлеуметтік қызметтерді бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл