| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметінен кеткен жағдайда елде кезектен тыс президент сайлауы екі ай ішінде өткізілуі тиіс екенін айтты. Бұл норманы заң жүзінде бекіту ұсынылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік өкілеттіктің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты сайлау өткізу тәртібі жөнінде маңызды ұсыныс білдірді.
Мемлекет басшысының айтуынша, қолданыстағы Конституцияға сәйкес, егер Президент күтпеген жағдайға байланысты өз міндетін атқара алмаса, оның өкілеттігі қалған мерзімге Сенат төрағасына беріледі.
- Егер Сенат төрағасының да мемлекеттік басқаруға мүмкіндігі болмаса, Президент өкілеттігі белгіленген тәртіпке сәйкес өзге лауазымды тұлғаларға өтеді. Бұл жерде басты мәселе – өкілеттіктің тек қалған мерзімге берілуінде, – деді Тоқаев.
Президент сондай-ақ мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кеткен жағдайда кезектен тыс президент сайлауы екі ай ішінде өтуі тиіс деген норманы заңмен нақты бекіту қажет екенін атап өтті.
- Бұл халықаралық озық тәжірибеге толық сәйкес келеді. Ел басшысы билікке тек сайлау арқылы, заңды жолмен келуі керек. Бұл – өзгермейтін қағида және келешектегі мемлекет басшылары үшін де мызғымас норма болуы тиіс, – деді ол.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция мәтінінде бірқатар техникалық және мазмұндық қателер анықталғанын айтып, оларды түзету қажеттігін жеткізді.