Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ауыл кәсіпкерлеріне мүмкіндік: ҚазАгроҚаржы айыппұлдарды кешіру акциясын іске қосты
Жаңалықтар

Ауыл кәсіпкерлеріне мүмкіндік: ҚазАгроҚаржы айыппұлдарды кешіру акциясын іске қосты

20.01.2026
мин
0
175
Сурет: gov.kz

«Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық Холдингінің компаниялар тобына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ компания клиенттері үшін есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару акциясын іске қосады. Акция қарыз алушылардың барлығына қолданылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция 2026 жылғы 15 қаңтардан бастап 1 наурызды қоса алғанда қолданыста болады.

Акция шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» қаржы лизингі шарттары бойынша ақшалай міндеттемелерді уақытылы орындамағаны үшін есептелген тұрақсыздық айыбының 100%-ын есептен шығарады.

Шараға қатысудың негізгі шарты - қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш пен сыйақыны акцияның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін толық өтеу. Бұл ретте акцияны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде берешекті ішінара төлемдермен өтеуге мүмкіндік беріледі.

Сондай-ақ міндеттемелері бойынша бұрын сот шешімдері шығарылған клиенттерге де, олар сот шешімі бойынша берешек сомасын толық өтеген жағдайда қолданылады (акция шеңберінде есептен шығаруға жататын өсімпұлды қоспағанда).

Акцияға қатысу үшін қарыз алушылар өзіне қызмет көрсететін «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалына өтінішпен жүгінуі қажет.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл