Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Кредит алғандар нені білуі керек
Жаңалықтар

Кредит алғандар нені білуі керек

20.09.2021
1 мин
23
13379

Қазақстандықтардың банк алдындағы қарызы 5 триллион теңгеден асады. Кейінгі 1 жылда тұтынушылық кредиттің көлемі 18 процентке өскен.

Сарапшылар мұны инфляцияның өсуі және тауардың қымбаттауымен байланыстырады, деп жазды Хабар 24.

Жалпы банктен алған қарызды мерзімінен бұрын қайтарып, кредитті толық жабуға бола ма? Ондай жағдайда үстеме ақы қалай есептеледі? Кредитті мерзімінен бұрын толық қайтару кімге тиімді? Банктер үшін емес, әрине. Себебі мұндай жағдай қаржы ұйымын пайдадан қағады. Сондықтан кейбір банктер несиені мерзімінен бұрын жабуға рұқсат бермейді немесе бұл үрдісті барынша қиындатады. Олардың бұл әрекеті заң талаптарына сай келе ме?

"Бір де бір банк қарызды мерзімінен бұрын қайтаруға өздігімен шектеу қоя алмайды. Елде кредитті толық жабу жүйесін реттейтін арнайы заң бар. Заңның 34-бабының 7-тармағында егер қарыз алушы қаржыны кәсіп ашу мақсатында алмаса, 14 тәуліктен кейін толық қайтаруға құқылы екені айтылған. Сәйкесінше үстеме ақы тек сол күндер үшін ғана есептелуге тиіс", - дейді банк мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы Нұржан Биякаев.

Тұтынушылық несие негізінен арнайы бір мақсатқа берілмейді. Қаржы ұйымдары қарыз берген жеке тұлғадан ақшаны қайда, қалай жарататынын сұрамайды. Сондықтан оның кәсіп ашуға жұмсалғаны қағаз жүзінде көрсетілмеген. Яғни кез келген адам кредитті мерзімінен бұрын жабуға мүмкіндігі болса, келісімшарт жасалған күннен 14 тәулік өткеннен кейін сол күндер үшін есептелген үстемені қосып қана қайтаруға құқылы.

Бірақ осы жерде ескере кететін бір жәйт бар. Елдің "Банк және банк қызметі туралы" заңында "бір жылға берілген қарызды алты ай өтпей жапсаңыз, қаржы ұйымы үстеме ақыны толық бір жылға алуға құқылы екені айтылады. Қаржы ұйымдары осы ережені өз пайдасына шешетін көрінеді.

"Егер қарызды 3 жылға рәсімдеп, бір жылдан кейін толық қайтарғыңыз келсе, бұл заң сізге шек қоймайды. Қаржы ұйымдарының сізден үш жылға есептелген үстеме ақыны талап етуге құқығы жоқ. Кредитті жапқанда үстеме ақы сол күнге дейін ғана есептелуі тиіс", - деп түсіндірді Нұржан Биякаев.

Егер қарызды мерзімінен бұрын қайтаруды жоспарласаңыз бұл туралы банкке өтініш қалдыру керек. Соған сәйкес қаржы ұйымы қарыз сомасын қайта есептеп, нақты берешегіңізді хабарлайды. Егер олай болмаған жағдайда кез келген азамат елдің қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағымдана алады.

Айта кетері, осы агенттік ашылғалы қаржылық қызметті тұтынушының құқығын қорғайтын бірнеше өзгеріс енгізілді. Соның бірі кредит алу кезінде берілетін бірыңғай жадынама. Онда кредитке қатысты негізгі ақпарат жазылады. Мәселен қарыз сомасы мен валютасы, қарыз мерзімі, төлем саны, өтеуге тиіс жалпы сома сыйақының жиынтық сомасы және басқа да мәліметтер жазылған.

Қазір елдегі барлық банк қарыз алушыға шартпен бірге осы жадынаманы ұсынуға тиіс. Бұл азаматтың бірнеше қаржы ұйымын салыстыра отырып тиімдісін таңдауға мүмкіндік береді. Ал негізгі талаптар келісімшартта көрсетілген. Сондықтан қарыз аларда онымен мұқият танысып шыққан абзал.


 

Несиені қандай қажеттілік үшін алдыңыз?
8965 адам
тұрмыстық техника және электроника үшін 0%
тұрғын үй алу үшін 0%
көлік алу үшін 0%
той жасау үшін 0%
несие жабу үшін 0%
жеке кәсіп үшін 0%
емделу үшін 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
23 Пікір
М
Мәкн 14.04.2022
Индигоға алдандым 2 млн
Жауап беру
Т
Турсынгул 09.10.2021
Ақша жетпегесн кредит аламыз баспана алу ұшңн
Жауап беру
Б
Буайда 29.09.2021
Сегіз жүз алпыс мың кредиті үш жылға алғам бір жарым жылда жапсам процент алма
Жауап беру
Г
Гулнар 24.09.2021
Бир жыл кредитти толедим,енди жапсам осы зан жузеге асама екен,алде договорда жок дерме екен
Жауап беру
Л
Лена 22.09.2021
Қалай жабу керек
Жауап беру
Г
Гулнур Кабдиева Муслатдиновна 21.09.2021
Кмф ден еш кандай каризим жок калай кутилам кредит тен
Жауап беру
К
Каламкас 21.09.2021
Кредит
Жауап беру
М
Мағауиа 21.09.2021
Макұсткан
Жауап беру
Н
Нәзік 20.09.2021
Қажет болған жағдайда каспийден аламыз.
Жауап беру
У
Улжан 20.09.2021
Каспи көкем мерзімінен бурн жапсаң паиызн толемисингои
Жауап беру
М
Маншук 20.09.2021
Мүмкіндік болмай тұрғаны, несиені толық жабуға
Жауап беру
А
Акмарал 20.09.2021
Ақшамыз болса ерте жабамызда жоқ болса немізбен жабамыз, осыны біз білмей отырғандаяқ
Жауап беру
Z
Zhazira 20.09.2021
Ертерек дабу ушын кредит алсамкалай болад
Жауап беру
А
Асия 20.09.2021
Өте керемет жазылған түсінікті. Рахмет сіздерге.
Жауап беру
З
Зауре 20.09.2021
Кредитсіз өмір сүруу
Жауап беру
К
Кредит 20.09.2021
Можно на жилье получить
Жауап беру
З
Зауре 20.09.2021
Үй алу
Жауап беру
Ш
Шынар 20.09.2021
Жилстроидын кредитин ерте калай жабу болады
Жауап беру
Г
Гулим 20.09.2021
Хоум банк жаптырмайды,перерасчёт жасамайды. Каншалыкты занды?
Жауап беру
Ф
Фатима 20.09.2021
39 Бапты окыныз сонда бари тур зан бойынша жапканда калай жабад жабад
Жауап беру
К
Кк 20.09.2021
Халық банк тек 9 айдан асқансонғана рұқсат береді ғой, толық жабуға ,олардікі заңсын ба сонда?
Жауап беру
М
Мөлдір 20.09.2021
Олар
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл