Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Куәлік пен төлқұжат үшін мемлекеттік баж төлеуден кімдер босатылады
Жаңалықтар

Куәлік пен төлқұжат үшін мемлекеттік баж төлеуден кімдер босатылады

11.07.2022
1 мин
10
3907

ХҚКО-ларда құжаттандыру қызметтерін алу кезінде Салық кодексіне сәйкес, клиенттердің белгілі бір санаты мемлекеттік баж төлеуден босатылады. Бұл туралы  Азаматтарға арналған үкімет хабарлады.

Құжаттандыру қызметтерінің қатарында паспорт, жеке куәлік, тұру ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәліктерін беру бар. 

»Кодекстегі 622-бап, 4-тармақ бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылатындар:

• ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар;

• Кеңес одағының батырлары және Социалистік еңбек ерлері;

• барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ мүгедек баланың ата-анасының бірі;

• мүгедектер мен қарттарға арналған мекемелерде тұратын егде жастағы адамдар;

• жетім балалар және балалар үйлерінде немесе интернаттарда тұратын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

• «Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен наградталған көпбалалы аналар;

• Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар», - деп жазды ведомстводан.

Бұл санаттағы тұлғалар паспорт немесе жеке куәлік алу үшін ХҚКО-ға жүгінген кезде мемлекеттік баж төлемеуі тиіс. 

«Егер сіз жеңілдік санатының өкілі бола тұрып, мемлекеттік баж салығын қателесіп төлесеңіз, бұл жағдайда ақшаңызды қайтара аласыз. Ол үшін, ең алдымен, ІІМ аумақтық органына жүгініп, жеңілдік санатын растайтын құжатты ұсыну қажет. Орган сізге төленген түбіртектің талап етілмегені туралы анықтама береді. Бұл анықтамамен ХҚКО-ға жүгіну керек немесе сомманы қайтару үшін eGov арқылы өтінім беру қажет. Өтініш қабылданғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде клиенттің шотына қате төленген сомма түседі», - деп түсіндірілген хабарламада.

 

 

Депозитке ай сайын ақша салып тұрасыз ба?
7847 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Кейде 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
10 Пікір
Б
Балдай 11.07.2022
Сәлеметсіз ба! Менің әжем тыл еңбек ардагері, осы жылдың январ айында жеке куәлік ауыстыру керек екен, оны кеш көріп марть айында ауыстырдық, 12мыңдай штраф төледік, мен қаншама айттым учаскелік қызметкерге неге жеңілдік жоқ деп, ол төлеуге міндетті деп төлеткізді,, ЦОН ға бардық ол жерден де сұрадым, төлеуі керек деп деді,, мен әжемді анда мұнда апардым, қаншама ақша кетті,, мен қайтарып алағым келеді,
Жауап беру
К
Кана 11.07.2022
1гр инвалит кутіушілеріне төлесегой
Жауап беру
А
Айнур 11.07.2022
Туу туралы куаликте ахаж болими кызметкерлери кателик жиберген ариптен соны тузету ушин мен акша толеуим керекпа или тегинба тузету
Жауап беру
З
Зияда Султанова 11.07.2022
Мен тегин тузетип алғанмын менде ул болға ол қыз деп жазып берген сол куни ак барып дурыстатып алдым
Жауап беру
11.07.2022
Мен тегин тузетип алғанмын менде ул болға ол қыз деп жазып берген сол куни ак барып дурыстатып алдым
Жауап беру
Р
Раушан 11.07.2022
Иа
Жауап беру
Р
Раушан 11.07.2022
Иа
Жауап беру
М
Мұрат 11.07.2022
Ал 1-топ мүгедектігі бар адам жүргізуші куәлікке мемлекеттік баж салығын төлейма төлемейма соны біліп берсеңіздер өтініш! Алдынала Рақмет!
Жауап беру
11.07.2022
Толемейди ау
Жауап беру
Ж
Жусипова Лиза 11.07.2022
Кушти
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл