Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандық азамат жеке кәсіпкерлігін жалға беремін деп, алаяқтардың қулығына алданды. Қазір ол өзінің ЖК-сі арқылы жасалған заңсыз операциялар үшін салық органдары мен банк алдында жауапкершілікке тартылармын деп қорқады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиғаның мән-жайы
Посттағы дерекке қарағанда, белгісіз адамдар "балаларға арналған тауарларды сатамыз" деп ұсыныс жасап, кәсіпкердің ЖК-ін пайдалануға рұхсат сұраған. Күнделікті 20 000 теңге төлейтіндерін, ресми келісімшарт тағайындайтындарын айтқан.
Бастапқыда күдік тудырмаған кәсіпкер кейін банктік шотындағы ірі аударымдарды байқап, қаражат дереу қолма-қол шешілетінін аңғарған. Кейін оның ИП-сі "дропперлік" схемамен — ұрланған ақшаны заңсыз аударып, дереу қолма-қол айналымға түсіретін алаяқтардың қолында екенін білген.
Қазір жалға алғандар іздеуде, ал барлық заңды жауапкершілік кәсіпкердің өзіне жүктелген. Әпкесі әлеуметтік желіде алаяқтардың бірі – әйел адам – фотосы мен жеке куәлік көшірмесін бөлісіп, танығандардан көмек сұраған.
Заңгер нені ескертеді
Нұрсұлтан Нұрлановтың айтуынша, ИП-ді жалға беру өзі заңға қайшы емес, бірақ осы тәжірибе адамды алаяқтық құрбаны ғана емес, қатысушыға да айналдыра алады:
Қандай жауапкершілік бар?
Қорғану жолдары
ИП-ні жалға берген соң оның заңсыз әрекеттер үшін пайдаланылып жатқанын көрсеңіз, дереу полицияға хабарласып, толық ақпарат түсіндіріңіз. Осылайша сіз алаяқтық құрбаны ретінде тіркеліп, жауапкершіліктен босатылуыңыз мүмкін.