Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қорғаныс министрлігі күзде әскерге 20 мыңнан аса азамат әскерге шақырылатынын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
ҚР Қарулы күштері Бас штабы - ұйымдастыру жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев қазіргі әскерге шақырудың ерекшелігі шақыру науқанының ашықтығы және жастардың мерзімді әскери қызметке деген саналы қадамы екенін айтты.
Осы күзде ел Қарулы күштеріне – 10000-ға жуық, Ұлттық ұланға – 6 мыңнан аса адам шақырылады, ҰҚК Шекара қызметіне - үш жарым мыңға жуық әскерге шақырылушы, Төтенше жағдайлар министрлігіне 300-ден астам және Мемлекеттік күзет қызметіне 250-ден аса адам іріктелмек, - деді Фархат Айдарбаев.
Ол сарбаздардың әскердегі қызметтік әрекеті қоғамның бақылауында екенін атап өтті. Сарбаздар аналары комитетінің өкілдеріне кез келген уақытта Қарулы күштердің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдеріне баруға рұқсат етіледі. "Отбасымен бейнеқоңырау" сервисі жұмыс істейді. Бұл сарбаздарға туған-туыстарымен бейне байланыс арқылы хабарласуға мүмкіндік береді.
Қорғаныс ведомствосының өкілі оған қоса мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге қатысты қолданылатын преференцияларға да тоқталып өтті.
Белгіленген уақытта әскери борышын өтеген, жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлықта жоғары нәтижелер көрсеткен жастарға гранттар бөлу және жоғары оқу орындарынан жатақхана беру нормалары заң жүзінде бекітілген.
Әскерилердің айтуынша, қарулы күштегі қайғылы оқиғалар әскерге шақыру қарқынына әсер етпеген. Олардың айтуынша, жастар әскери комиссариаттарға өздері келеді. Тіпті қызметтен жалтарғандардың өзі профилактикалық жұмыстан кейін әскерге өз еркімен барады екен.