Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Лицей мен гимназияға 1-сыныпқа түсу үшін балалар емтихан тапсырмайды
Жаңалықтар

Лицей мен гимназияға 1-сыныпқа түсу үшін балалар емтихан тапсырмайды

26.02.2024
1 мин
3
602
Фото: atpress.kz

Балалардың білімі мен қауіпсіздігі туралы заңға өзгерістер енгізілді. Енді лицейлер мен гимназияларға балаларды бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізілмейтін болды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашевтің айтуынша, бұл норма дайындық деңгейіне қарамастан барлық типтегі және барлық балаға қатысты мектепке қабылдау кезіндегі шектеулерді алып тастайды.

«Біріншіден, заңға енгізілген өзгерістер оқушыларға бастапқы білімді игеруге, танымдық қабілеттер мен әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамытуға тең мүмкіндік береді.

Екіншіден, тестілеуге, әңгімелесуге қатысудан психологиялық күйзеліс, конкурстық іріктеуді күтуден жағымсыз тәжірибелер жойылады. Бұл жағдай баланың психоэмоционалды жағдайын нашарлату және оның денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.

Үшіншіден, конкурстық іріктеу нәтижелеріне ата-аналардың наразылығы азаяды. Балаларды мектепке қабылдау рәсімінің қоғамдық резонансы болмайды», - деді Қаныбек Жұмашев.

Бұл өзгерістер алдағы оқу жылында бірінші сыныпқа қабылданған кезде енгізіледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
3 Пікір
Ж
Жансая Баймаханбетова 27.02.2024
Мен күткен жаңалық болды. Білім саласына қатысты тағы да жақсы жаңалықтар күтеміз!
Жауап беру
А
Айжан 27.02.2024
Дұрыс болған екен қырылып жатыр әрең беріп едім.
Жауап беру
Г
Гүлім 26.02.2024
Тамаша жаңалық!!! Уайымдап жүр едік????????????
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл