Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, кепілсіз тұтыну несиесіне қатысты мәселені бақылауда ұстау жөнінде тапсырма берді. Президент қаржы ұйымдарының жұмысын ашық жүргізу маңызды міндет екенін атап өтті. Бұл мәселе жалған ломбардтар мен микроқаржылық ұйымдардың алаяқтық іс-әрекеттері жиілеуіне байланысты өте өзекті болып отыр.
"Бұл жұмысты жылдамдату керек. Тексерулердің қорытындысы негізінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Бас прокуратурамен бірлесіп, аталған саланы реттеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу және тұтынушылардың құқығын қорғау жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын", – деді мемлекет басшысы.