Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Лос-Анджелесте 10 адамды атып өлтірді деген күдікті көрші Альгамбра қаласында полиция тосқауыл қойған жүк көлігінде өзін атып тастады, деп хабарлайды Dauletten.kz BBC жаңалықтарына сілтеме жасап.
Калифорнияның Монтерей-Парк қаласындағы кәсіпорындардың бірінде атыс болып, он адам қаза тапты. Бұл қылмысқа күдікті оқиға орнынан қашып, көп ұзамай өзін-өзі атып өлтірді.
Лос-Анджелес округінің шерифі Роберт Луна журналистерге жүк көлігі қоршауға алынған кезде полиция оқ атылғанын естігенін айтты. Бір жарым сағаттан кейін олар көлікке кіріп, күдіктінің денесін тапты.
Полиция өзін-өзі атып өлтірген күдіктінің 72 жастағы азиялық, жергілікті тұрғын Ху Цан Тран екенін анықтады. Лос-Анджелес Қытай Сауда палатасының басшысы Честер Чон жергілікті телеарнаның эфирінде жаппай адамдар қырылған бұл оқиғаға күдікті мен оның әйелі арасындағы жанжал түрткі болғанын айтты.
Қаза тапқан он адамнан бөлек, тағы он адам жараланған. Олардың жетеуі жексенбі күні кешке ауруханаға жатқызылды.
Фото: EPA