Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
 Maqsut Narikbayev University-де Ғылым және жоғары білім министрі студенттерге дәріс өткізді
Жаңалықтар

Maqsut Narikbayev University-де Ғылым және жоғары білім министрі студенттерге дәріс өткізді

08.11.2024
1 мин
0
195

Maqsut Narikbayev University-де Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің "Қазақстан – өңірлік білім беру хабы" тақырыбында дәрісі өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Министр Қазақстандағы жоғары білімді дамыту және осы саладағы халықаралық ынтымақтастық туралы баяндады.

Саясат Нұрбек министрліктің еліміздегі халықаралық университеттердің кампустарын салу үшін жағдай жасай отырып, Қазақстанды ірі академиялық хабқа айналдыруды жоспарлап отырғанын атап өтті. Ол биылғы жылы Қазақстанға оқуға 30 мыңға жуық шетелдік студент келгенін айтты.

- Біз халықаралық университеттерді тартатын осындай экожүйені құра отырып, Қазақстанды академиялық орталық ретінде дамытуға ұмтыламыз. Мемлекет жер учаскелерін бөліп, басқа да ынталандырушы шараларды ұсына отырып, бұл бастаманы жан-жақты қолдайды, бұл еліміз үшін экономикалық тиімді шешім болады, - деді министр. 

Сондай-ақ министр Қазақстанның барлық студенттері үшін оқу бағдарламасының бір бөлігі болатын жасанды интеллект бойынша міндетті курсты енгізу жоспарлары туралы айтты. Google компаниясымен бірлесіп әзірленген бұл курс –цифрлық дағдыларды дамытуға бағытталып, жастарды қарқынды дамып келе жатқан цифрлық экономика жағдайында жұмыс істеуге дайындайды. Қазіргі уақытта пилоттық курс еліміздің 14 университетінде іске қосылды, ал болашақта оны Қазақстанның басқа ЖОО-ларында кеңейту жоспарлануда.

Дәріс соңында Саясат Нұрбек студенттердің сұрақтарына жауап беріп, Қазақстанда жоғары білім мен ғылымды дамытудың өзекті мәселелері мен келешегіне тоқталды. Академиялық мобильділікті арттыру, жас ғалымдарды қолдау және білім беру бағдарламаларының сапасын жақсарту сынды тақырыптар талқыланды. Студенттер маңызды сұрақтарына жауап алып, білім беру саласын дамыту бойынша министрліктің ұстанымдарымен танысу мүмкіндігіне ие болғандары үшін министрге алғыстарын білдірді. 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл