Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласының тұрғындары маска тақпаған жағдайда 83 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Қалада 5 шілдеден бастап тамақтану орындарында, базарларда, қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерде рейдтер жүргізіле бастады. Нәтижесінде маска режимін бұзған 165 тұрғын жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы 1-бөлігін бұзғаны үшін хаттамалар толтырылды және 30 АЕК, яғни 83 340 теңге көлемінде айыппұл салынды.
"Шілденің 5-і мен 14-і аралығында мониторинг тобы Әуезов және Алатау аудандарындағы қоғамдық көліктерге тексеріс жүргізді. № 102, 115, 48 бағытында жүретін автобустарындағы жолаушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Тағы көру