| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Депутат Нартай Аралбай жаңа салық кодексі халыққа ауыртпалық түсіруі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбай 2026 жылдың 1 қаңтарынан енгізілетін жаңа салық кодексіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, салықтық өзгерістер ең алдымен қарапайым азаматтар мен шағын бизнеске әсер етуі мүмкін.
Депутат жаз мезгілінде теміржол билеттері мен қыс айларында әуе билеттерінің қымбаттауын бизнестің сұранысқа байланысты әрекеті деп түсіндірді. Осы үрдіс салық кодексі күшіне енгеннен кейін де жалғасуы мүмкін екенін атап өтті.
- Үлкен бизнес өкілдері өз қалтасынан ақша төлемейді. Ал дүкен, кафе, такси, базардағы азаматтар салық жүктемесін көтере алмай қалуы мүмкін, – деді ол.
Нартай Аралбай жаңа салық саясаты қабылданғанда халықтың әлеуметтік жағдайы мен шағын кәсіп иелерінің мүддесі ескерілуі тиіс екенін айтты.